• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі мемлекеттік-діни қатынастар

10 қарашада Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығы діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама аясында Б.С.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарына «Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі мемлекеттік-діни қатынастар» атты профилактикалық кездесу өткізді. 
Аталмыш іс-шараның мақсаты мемлекеттік дамудың негізгі зайырлылық принциптерін түсіндіру. 
Баяндамашы лекторлар: Райбаев Даулет Құмарбекұлы- азаматтық құқық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны, филология ғылымдарының докторы, Момынжанов Санжар Елтайұлы-«Нұрлы білім» ҚҰ теологы. 
Курсанттарға ҚР дін саласындағы концептуальды ережелер, зайырлылық негіздерін және экстремистік салдарларға шақыратын ақпарат таратудағы құқықтық жауаптылықты түсіндірді. 
Кездесу соңында қатысушыларға «Қазақстан толерантты ел» атты видеоролик көрсетілді.