• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Денсаулық – зор байлық!

 

Туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау науқасты тұрақты түрде емдеуге және толық қалпына келтіруге ынталандырады.

Қарағанды қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Денсаулық – зор байлық!» жобасы жүзеге асырылды,  яғни туберкулезбен  ауыратын 162 тұлғаға азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

         Бұдан басқа, әлеуметтік қолдау науқас адамға медициналық мақсаттағы тағайындауларды орындауға көмектесетін материалдық факторлар жүйесін қалыптастырады.

Туберкулезбен ауыратын науқастарға қосымша көңіл бөлу және емделудің әртүрлі сатыларында толығымен әлеуметтік көмек көрсету науқастың емделуге деген ықыласына күрделі әсер етеді.