• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Дені саудың жаны сау

2017 жылғы 14 қарашада  Қарағанды қаласының әкімдігінде тұрғындардың денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша қалалық Үйлестіру Кеңесінің қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен кезекті отырысы өтті. Отырыста  "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 19.03.2015 жылғы № 230 санитариялық қағидалар талаптарын сақтау,  2017-2018 жж. эпидемия маусымында ЖРВИ және тұмау аурулары бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу,  нашақорлық ауруының алдын алу бойынша, сонымен қатар АИТВ инфекциясымен ауру жағдайы және оның таралуына қарсы әрекеттер бойынша, туберкулез проблемалары бойынша АМСК, ТКҰ деңгейінде санитарлық-ағарту жұмысы сұрақтары қарастырылды.

              Осы сұрақтар қызу талқылануының барысында қатысушылардың көбі қоғамдағы  өзекті мәселер жайында айтып, облыс орталығындығы медицина саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобалардың жоқтығына назар аудару қажеттілігіне ықпал жасады.

           Үйлестіру Кеңесінің жұмысына облыстың медицина ұйымдарының, білім бөлімінің, Қарағанды қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің т.б. өкілдері қатысты.        Үйлестіру Кеңесі аясында қала әкімдігі денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің жағдайын бақылауда ұстайды, сол арқылы бұл сұрақтардың талқылануы мен шығу жолдарын табуына қажетті алаң қалыптастырады.

           Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттардағы жұмыстарды жақсарту мақсатында тапсырмалар берілді.