• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Кино әлемінің корифейі» арт-көрмесі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ҚММу студентерінің, № 3 мектеп-гимназиясының, № 52 ЖББОМ оқушыларының қатысуымен  Қазақстан Республикасының халық әртісі, қазақ театры мен киносының режиссеры, сценарист, педагог Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойына  арналған «Кино әлемінің корифейі»  арт-көрмесі өткізілді. Іс-шараның негізгі идеясы - жастардың білімі мен көкжиегін кеңейту, тарихи тұлғаларды құрметтеу және әдемі өмірге қосылу.

         Шараның мақсаты оқушыларды ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері А.Әшімовтың шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың кино өнеріне деген сүйіспеншіліктерін, келер ұрпақтың мәдени-эстетикалық танымдарын қалыптастыру.

Шара барысында  А.Әшімовтің өмірбаяны мен шығармашылық өнер жолынан мол мағлұмат берілді. Қатысушыларға Асанәлі Әшімовтің кино әлеміндегі Қазақстандық бренд болып табылатыны,  қазақ шығармашылық ортасының корифейі және мемлекеттің құрметті азаматы екендігі жөнінде түсінік берілді.  Көрме кино таспасының үлгісінде әзірленіп, актердің әр жылдарда түскен фильмдерінде рөлін сомдаған кейіпкерлерімен таныстырылды және  фильмдерден үзінді-бейнероликтер көрсетілді.  Асанәлі Әшімовтің 80-жылдығына арналған «Шарайна – шындық шебері» атты деректі фильмі ұсынылды және  өз еңбектері мен шығармашылығы туралы әдебиеттердің ашық көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

         Қаланың кітапханаларында арт көрме ұйымдастырып, өткізу шығармашылық тұлғаларға құрметпен қарауға үйретеді. Қаламыздың ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары көрнекті әртістің жетістіктері және еңбек жолымен танысты.