• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Иппотерапия пайдасын сынап қайтты

Қарағанды қаласында ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Рухани Жаңғыру» жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

             Жобаның мақсаты баланың белсенді және белсенді емес қозғалысын қалпына келтіру және жақсарту болып табылады. Баланың функционалды мүмкішіліктерін жақсарту. Ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көмек.

             Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджет қаражаты есебінен осы әлеуметтік жоба «Карат» ат клубының базасында «Бота» ҚБҚҚ-мен  жүзеге асырылады.

             Иппотерапия кезінде емдеу сенансы (сабақ түрінде) аттың көмегімен орындалады. Балалармен мамандандырылған иппотерапевт және атпен жүру нұсқаушысы айналысады. Бала иппотерапия маманымен оған арнайы әзірленген жаттығуларды орындайды.

             Бір айда иппотерапиямен 12 адам қамтылады.

             Иппотерапия сеансының көмегімен, біз БЦСА және түрлі неврологиялық аурулары бар балаларға денсаулығының жақсаруына үміттенеміз. Бұл церебралды шалдығу, аутизм, аурудың бұзылуы, моторлық және сөйлеу әрекеттерін жақсарту, сөйлеу белсенділігін арттырады  және алғашқы тәуелсіз қадамды жасау мүмкіндігін береді.