• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Жастар арасындағы діни мәселелер» атты кездесуі өтті

Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы 2017 жылдың 6 желтоқсанында Тау-кен индустриалды колледжінің студенттеріне «Жастар арасындағы діни мәселелер» атты кездесуін өткізді.   

Баяндама жасағандар: Қарағанды жастар орталығының өкілдері, «Нұрлы білім» ҚҰ теологы С.Момынжанов.

Кездесуде зайырлы мемлекеттегі діннің, діни радикализм және экстремизмнің ықпалын болдырмау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастар саясаты, атап айтсақ, жас қазақстандықтардың рухани және адамгершілік тәрбиесі, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері де көтерілді.

Жалпы кездесуге барлығы 35 студент қатысты.

Кездесудің соңында дін мәселесіндегі сұрақтар туындаса Республикалық қауырт желі – 114 (87770000114) және 8(7212) 30-07-44 сенім телефоны мен террористік қатерлерге байланысты хабарламалар болса «110» номеріне   хабарласу керектігі ескертілді.