• 4513 барлығы
  • 37 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы халық алдында есеп берді

Қарағанды қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі  Арман Әліпбайұлы  Оразбаев халық алдында есеп берді.

Есеп беру кездесуі 10 қаңтарда Достық үйінде өтті. Қарағанды қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының баяндамасын тыңдау және проблемалық сұрақтар қою үшін және жергілікті полицияның қызметін жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын білдіру үшін көптеген адамдар келді.

Есеп беру кездесуіне Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарская, Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Бахтияр Габдулович Айешов, Қарағанды облысының ІІД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Жалғасбай Сұлтанғалиұлы Жақаев, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері және т.б. қатысты.

ЖПҚ бастығының есебінен кейін кездесуге келген қала тұрғындары бірқатар сұрақтарды қойып, облыстық ІІД ЖПҚ және қалалық ІІБ ЖПҚ қызметін жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бақылауға алынды.

Жергілікті полиция қызметі басшысының баяндамасынан кейін кездесуге келген қала тұрғындары толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, облыстық Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметіне және қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметіне жұмыс барысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жолдады. Барлық көтерілген мәселелер мен өтініштер бақылауға алынды.