• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Мектепке дейінгі тәрбие беру саласындағы қызметті автоматтандыру

11 қаңтар күні № 93 гимназия ғимаратында қала әкімінің орынбасары И.Любарскаяның қатысуымен мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаға қабылдау жүйесін толықтай автоматтандыру үрдісі бойынша БАҚ үшін брифинг өткізілді.

Бұл жүйе «"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" және "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметтерін біріктіру арқылы жүзеге асырылуда.  

Аталмыш жүйе балабақшаға орналастыруға жолдама алу кезінде ата-аналар мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты азайтып, мектепке дейінгі мекемелердегі бос орындар туралы мәліметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жүйе ата-аналарға кезек жағдайы және мектепке дейінгі мекемеден орын алуы туралы электронды ескертпелерді  sms және email арқылы жіберуді ескереді.

Қаңтар айының соңына дейін ата-аналар білім бөліміне жүгінбестен, өзбетінше компьютер арқылы немесе мобильді құрылғылардың көмегімен кезекке тұрып, балабақша таңдауға, жолдама алуға мүмкіндік алады.