• 4513 барлығы
  • 37 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Елбасы жолдауының стратегиялық маңызы

11 қаңтарда М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Болашақтың сенімді көпірі» атты саяси трибуна сағаты өтті.  Шараға ОКЖ қызметкерлері және М.Әуезов атындағы кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау. Шара барысында «Қарағанды қ.ОКЖ» КММ кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының жетекшісі Кузгумбаева Р.К. ҚР Президентінің Жолдауы жөнінде пікірін ортаға салды. Әріптестеріне Елбасының биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі даму шараларының нақты бағдарламасы белгіленіп берілгенін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, пікір білдіргендер: қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Блалова Г.С., кітапханалық-ақпараттық бөлім меңгерушісі Қыстаубаева А., №8 кітапхана-филиалының меңгерушісі Караманова У., №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалының меңгерушісі Бейсембаева Р.Р, №15 балалар кітапхана-филиалының меңгерушісі Ахметова С.Т. өз ой-пікірлерін айтып, еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтауға Президенттің даналығы мен көрегендік саясаты көп ықпал ететінін атап өтті. Алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға шын ынтамыз бен нақты іс-әрекеттеріміз арқылы қол жеткізуіміз қажет. Адам алда не күтіп тұрғанын болжаған жағдайда биікке ұмтылады, ал бұл биік мақсаттар  Президенттің Жолдауында нақты бекітіліп беріліп отыр. Шараға қатысушы ОҚК жас мамандары Ш. Ахметова мен А.Тойбекова өз сөздерінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамаларын әрқашан қолдайтынын және қойылған міндеттерді іске асыру үшін аянбай күш салатынын атап көрсетті. Шара барысында слайд-таныстырылым көрсетілді.