• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды қаласының құрама командасы – «Ақ қыс» облыстық қысқы Спартакиада Чемпионы!

Ағымдағы жылдың 8-9 ақпанында, Астана қаласының 20-жылдығына арналған Қарағанды облысының қалалары арасындағы «Ақ қыс-2018» атты дәстүрлі қысқы XV Спартакиадасы өткізілді. Спартакиада бағдарламасына төрт спорт түрі кірді: қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, допты хоккей мен конькимен жүгіру спорты.

Облыстың 8 қаласы қатысқан Спартакиада нәтижесінде Қарағанды қаласының құрама командалары конькимен жүгіру спортынан, шаңғы жарысынан және Президенттік көпсайыстан алтын медаль ұтып алып, допты хоккейден күміс медальге ие болды.

Нәтижесінде, Қарағанды қаласының құрама командасы Спартакиадада лайықты өнер көрсетіп, дәстүрлі түрде І жалпы командалық орын алды. Қала командасы Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының Кубогымен және мадақтау қағазымен, спорт түрлері бойынша қатысушылар медальдермен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

«Ақ қыс» Спартакиадасының нәтижелері

1 орын – Қарағанды қаласы

2 орын – Сәтпаев қаласы

3 орын – Теміртау қаласы