• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Золотые годы»

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Теміржолшылар» мәдениет сарайы көптеген ауқымды іс-шаралар атқарып келеді. Сондай іс-шаралардың бірі, 2018 жылдың 12-ақпанында өткізілген «Золотые годы»  клубының салтанатты ашылу рәсімі. Клуб мүшелері бір-бірімен танысып, клуб жетекшісі ретінде Тотмина Людмила Павловнаны сайлады.

Осы отырыста клубтың жарғысы, мақсаттары мен міндеттері, клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, талқыланады. Дөңгелек үстел басындағы отырыс өмір туралы, денсаулық пен болып жатқан келеңсіз жағдайлар жайында әңгімелесумен өтуі жоспарлануда.

    Мәдениет сарайында аталмыш клубқа арнайы бөлме бөлініп, клубқа қажетті жабдықтар алынады.

    Зейнеткерлерге мүмкіндігінше ерекше көңіл  бөлініп, жергілікті аурухана қызметкерлері, заң өкілдері шақырылып, сұхбаттасу кештерін өткізіп, көптеген шығармашылық кештер ұйымдастырылатын болады.
         Теміржолшылар Мәдениет сарайының жеке орындаушылары Еркебулан Калиев пен Константин Иванов барлық қатысушыларға арнап өнер көрсетті. 

Клубтың жұмыс жоспары: әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндерінде сағат 12:00ден 15:00ге дейін. «Теміржолшылар» мәдениет сарайының мекен жәйі : Қарағанды қаласы, Маметов көшесі,111.байланыс.тел:932489.

         Аталған клубқа қатысуға ниет білдірушілерге есігіміз әрдайым ашық!