• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шуағын шашқан Қарағанды

2018 жылдың 10 ақпаны Қарағанды қаласы 84 жылдығын мерекеледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Молодежный» МҮ –де қала күніне арналған «Шуағын шашқан Қарағанды» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шараның мақсаты - біздің қаламыздың қалыптасу тарихын театрлық блоктар арқылы ашу.

Іс-шараға Қарағанды қаласының тарихымен байланысты қаланың ардагерлері мен еңбекішлері шақырылды. Сонымен қатар іс-шараға қаланың құрметті азаматтары, ресми тұлғалар, ардагерлер, «Молодежный» МҮ-нің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Концерттік бағдарламада көп жылдық шығармашылық өтілі бар, Халықаралық, Республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары өнер көрсетті.

«Теміржолшылар» Мәдениет сарайында «Город мой, тебя я прославляю!» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Шара басында Қарағанды туралы тарихи бейне ролик көрсетілді..

Кешке ардагерлер, депутаттар, қала өнеркәсіптерінің өкілдері, студенттер, әскери қызметкерлер және мектеп оқушылары қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Астананың 20 жылдығы аясында еңбекте, спортты, өнерді және мәдениетті дамытуда жетістікке жеткен тұрғындарды мараппаттау рәсімі өтті.

«Күй керуен» шертпе күйі орталығының жетекшісі Садуакасов Кайролла Даулетбекович «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда үлес қосқаны үшін Қарағанды қаласы әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара барысында Мәдениет сарайының жеке орындаушылары, мекеме қызметкерлері және қаланың кішкентай ғана жұлдыздары ең үздік ән мен би шашуларын келген қонақтарға тарту етті.

«Жаңа Майқұдық» Мәдениет үйінде «Қарағанды Сарыарқаның қазынасы» атты салтанатты концерт бағдарламасы өткізілді.

Концерттік бағдарлама «Нұрби» хореографиялық ансамблінің орындауындағы «Давай построим город!» атты театрландырылған қойылымымен басталды.

Екінші блокта «Шахтерский хор» ұжымының орындауында Қарағанды, кеншілер туралы ән шырқалды.

Үшінші блок «Нұрби» ансамблінің орындауында Ұлы Отан соғысындағы қарағандылықтардың ерлігіне арналған «Дети войны» композициясы орындалды.

«Жас сұңқар» (ст.Тихоновка), «Мерей» (Рабочий ауылы) балалар жасөспірімдер клубының балаларына патриоттық тәрбие беру мақсатында қаланың спорттық нысандарына саяхат жасалды. Балалар GGG ДШСК, «Қарағанды Арена» мұз сарайына, тенис орталығына, С.Сапиев атындағы бокс орталығына, Шахтер стадионына саяхаттады.

Қаланың сүйікті тұрғындары үшін «Шахтер» стадионының мұз айдыны күні бойы жұмыс істеді.