• 4521 барлығы
  • 35 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жастар маслихатының депутаттары Президент Жолдауының 10 бағыты бойынша дамудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды

Бүгін, 2018 жылдың 12 ақпанында Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында Жастар маслихат комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, сондай-ақ жастар маслихатының 2017ж. жұмысының қорытындыларын және ағымдағы жартыжылдықтың даму жоспарларын түсіндіруі өтті.

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі А.А. Фрибус Елбасының Жолдауына сәйкес ел дамуының негізгі бағыттары туралы, сондай-ақ Жастар маслихатының іс-шара жоспарларын одан әрі қарау қажеттігін атап өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша депутаттар мынадай жобаларды іске асыру бойынша бірқатар: бағдарламалау бойынша мастер-кластар, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша тренингтер, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау іс – шаралары және бейнероликтер түсіру ұсыныстарын жасады. Кездесу соңында ең белсенді іс-шараларды өткізген депутаттар алғыс хаттармен марапатталды.