• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткен мерекелік іс-шаралар

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Қарағанды қаласында осы бір көктемнің керемет мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында ҰОС ардагерлерін, көп балалы аналарды, Құрметті азамттарды, сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан әйелдер қауымын мадақтаған бірнеше іс-шаралар қатары өткізілді.

Қаламыздың мәдениет үйлерінде қала тұрғындарына арналған «Прекрасным женщинам посвящается», «Женщина – вершина мудрости и красоты», «В самой природе есть женское начало!» атты концерттік бағдарламалары, «Менің отбасым» отбасылық байқаулар, «Нет ничего священней слова - МАМА!» атты ертеңгіліктер, «Бабушки-забавушки» атты ересек тұрғындарға арналған ойын бағдарламасы , «Кішкентай ханшайым» атты балалар арасында сұлулық конкурсы ұйымдастырылды.

Қалалық кітапханаларда «Әйел – сұлулықтың қайнар көзі» тақырыбында көрмелер, әдеби кештер өткізілді. Аула клубтарында және Хайуанаттар бағында «Ана – өмірімнің бастауы», «Самая заботливая мама среди животных» атты тақырыптық байқаулар, викториналар және ойындар тұрғындар назарына ұсынылды. Іс-шараларға әр түрлі жастағы тұрғындар қамтылды.