• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты 2018 жылғы 16 наурызда сағат 15:00 бастап сағат 18: 00-ге дейін электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау  және қарағандылықтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" және "электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында, Қарағанды облысындағы"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы «ХҚКО» бөлімшелерінде Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізуді жоспарлайтынын хабарлаймыз. Жұмыспен қамту, ветеринария, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары және сәулет, коммуналдық шаруашылық, спорт, АХАТ бөлімдері, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, білім салаларының мамандары халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. 
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілетін «ХҚКО» бөлімшелерінің мекенжайлары:
Ержанов көшесі, 47/3, 
Шахтерлер даңғылы,  5/2, 
Архитектурная көшесі, 8, 
21 ы/а. 6/7.
Барлығыңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.