• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Бос жұмыс орындары және тегін оқыту курстарына жазылу жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі – жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған және азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін нақты мүмкіндік беретін дәстүрлі іс-шара.

2018 жылы 13 сәуірде Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы ғимаратында бос жұмыс орындары және тегін оқыту курстарына жазылу қалалық жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың арасында тікелей байланыс орнату, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

Жәрмеңкеге Қарағанды қаласының әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындары мен ұйымдары, қатысты.

Бұл ретте Қарағанды қаласының 498 кәсіпорындары мен ұйымдары 3600 бос орын ұсынды, жәрмеңкеге 65 кәсіпорын, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын өткізетін 26 оқыту ұйымдары (оқу орталықтары, колледждер) қатысты.

Жәрмеңкеге 736 адам келді.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде 275 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, 219 адам кәсіптік оқытуға жазылды, 112 адам жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету үшін түйіндеме қалдырды, 228 адам еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен біліктіліктер алу жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жан-жақты кеңес алды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген және шартты түрде сотталған адамдардың қатарынан 18 адам қатысты, оның ішінде 12 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, 6 адам оқыту курстарына баруды қалады.

Жәрмеңкеге мүмкіндігі шектеулі 12 адам қатысты, оларға қаладағы 5 кәсіпорыннан арнайы жұмыс орындары ұсынылды, жұмысқа орналасуға 8 жолдама берілді.

Іс-шара аясында жұмыссыздарға «жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс орындары», бағыттары бойынша жұмысқа орналасу, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы ақпараттар жазылған буклеттер тарату ұйымдастырылды, сонымен қатар азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңестер берілді.

Сонымен бірге жәрмеңке аясында «Дамумед» МӘМС мобильді қосымшасы бойынша да ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Өткізілген жәрмеңкелердің нәтижесінде жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтар санының өсіп келе жатқандығын айтып өту қажет.

Мәселен, 2017 жылы 4 жалпы қалалық жәрмеңке өткізілді, нәтижесінде 755 адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы алғанда, жұмыспен қамту органдарымен жүргізілген жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету жөніндегі жұмыс жұмыссыздық деңгейінің қала бойынша 0,1%-ға (5,4-дан 5,3%-ға дейін), жастар жұмыссыздығының 0,1%-ға, әйелдер жұмыссыздығының 0,2%-ға төмендеуіне ықпал етті.