• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Сіз қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз?

Егер сіз өмірдің қиын жағдайына тап болған болсаңыз, кірісіңіз болмаса, жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда сіз атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес алу үшін «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласа аласыз.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінің деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға арналған. 2018 жылдың екінші тоқсанына Қарағанды облысы бойынша кедейлік шегі 12422 теңге мөлшерінде бекітілді.

Атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Шартты ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға, олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы мен әлеуметтік келісім-шарт жасасуы жағдайында көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдар немесе зейнеткерлер) немесе еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын (мысалы, 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған аналар) отбасыларға көрсетіледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Толық кеңес алу үшін Бұқар жырау даңғылы, 51/4, 4 қабат мекен-жайына хабарласуға болады. Тел.: 996-397, 996-493.