• 4638 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық талантты суретшілер Нью-Йоркта!!!

2018 жылдың 15 наурыз және 15 сәуір аралығында Нью-Йорк (АҚШ) қаласында "Fresh Children Culture of the World" балалардың халықаралық сурет көрмесі болып жатыр. Аталаған көрмеге Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубының №2 өнер мектебінің оқушылары «Дети рисуют мир» қорының қолдауымен қатысты. Бұл көрмеге әлемнің әр түпкірінен және ЮНЕСКО клубының №2 өнер мектебінен Жармухамбетова Арина, Мирошниченко Анна, Муратов Бекарыс, Тусупов Серик, Никонова Екатерина, Кошметова Есения қатысты. Бұл әлемге Қазақстанның жас суретшілерінің еңбегін паш етудің бірден-бір мүмкіндігі.