• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Халықаралық байқаудың шыңын бағындырған жас таланттылармен кездесу өтті

2018 жылғы 15 мамырда сағат 18:00 «Шалқыма» концерт залында «Детские таланты без границ» байқауының финалистерімен кездесу өтті.

«Салют Талантов» Халықаралық жоба шеңберінде Қарағанды қаласының қосымша білім беру мекемелерін арасында өткізілген «Детские таланты без границ» байқауының финалистері қалалық бюджет қаражаты есебінен 2018 жылдың 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында Прага, Италия, Канн қалаларында Халықаралық сайысқа қатысып кайтты.

Байқау дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, шығармашылық әлеуетін қолдау және кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Жас таланттар өз өнерлерімен Еуропа сахналарын баурап алды. Бұл сапарды Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық білім бөлімі ұйымдастырды аталған іс-шараға қалалық бюджеттен 13 миллион тенге бөлінді.

Сәттілік шыңына қонақтап, бедерлі белестерді бағындырды. Барлығы 44 қатысушы.

Барлығы жеңіспен қайтты. Қатысушылардың барлығы IV-ші «Жас Канн жұлдыздары» Балалар мен Жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық Фестиваль-конкурсының (Канн, Франция), IV-ші «VIVA, ROMA!» Балалар мен Жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық Фестиваль-конкурсының (Рим,Италия), ХІІІ-ші «ОЧАРОВАНИЕ БОГЕМИИ» Балалар мен Жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық Фестиваль-конкурсының (Прага, Чехия) жеңімпаздары атанды.

Барлығы: Гран-при – 1 (дуэт), 1-ші дәрежелі дипломдармен 30 қатысушы, 2-ші дәрежелі дипломдармен - 12 қатысушы, 3-ші дәрежелі дипломдармен - 2 қатысушы марапатталды.

Конкурсты ұйымдастырушылар Гран при номинанттары мен бірінші орын жеңімпаздарын 2018 жылғы қазан айында Санкт-Петербургте өтетін гала-концертке қатысуға шақырды.