• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің жатақханасында «Кешкі кездесу» диалог алаңы өз бастауын алды

2018 жылдың 15 мамырында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің жатақхана тұрғындарына Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Кешкі кездесу» атты диалог алаңы №6 жатақханасында бастау алды.

Іс-шара мақсаты - жастардың дін саласындағы мазалаған сұрақтарына жауап табу, жастар арасында діни фанатизмді және радикализмнің таралуын алдын-алу. Аталған іс-шара әр күні кешкі уақыттарда жатақхана тұрғындарына өткізіледі. Қатысушылар дін саласындағы туындаған сұрақтарына жауап алып, арнаулы дайындалған бейнероликтер мен презентацияларды тамашалады.