• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Жасыл ел» ЖЕЖ сарбаздарына ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді

13 маусым күні Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» ЖЕЖ сарбаздарына ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді.

Кездесу тақырыбы мемлекеттік бағдарламаларға және жастардың осы бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне арналды.

Сарбаздарға Рухани жаңғыру, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту, индустрияландыру үрдісі және цифрлық қазақстан бағдарламалары туралы айтылды.

Кездесу соңында сарбаздарға жұмыспен қамту бағдарламалары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, студенттік білім беру кредиттерінің мүмкіндіктері, сондай-ақ темекі шегу мен тыйым салынған заттардың қауіптілігі туралы ақпараттық брошюралар таратылды.