• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Орталық мәдениет және демалыс саябағында нашақорлыққа қарсы халықаралық күніне орайластырылған жаппай жаттығу іс-шарасы өтті

Бүгін, 13 маусым күні Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында нашақорлыққа қарсы халықаралық күніне орайластырылған жаппай жаттығу іс – шарасы өткізілді.

Жаппай жаттығудың серіктестері мен жүргізушілері «BodyStyle» және «Iron Gym» фитнес-клубтарының кәсіби жаттықтырушылар мен бодибилдерлер, сондай - ақ лицензиаланған "Zclubkaraganda" зумба - фитнес нұсқаушысы болды. Жаттығу бағдарламасында жас және талантты «Импульс» би тобы да өнер көрсетті.

Іс – шараға қатысу үшін студенттер мен қала тұрғындары шақырылды.Әсіресе Қарағанды теміржол колледжінің студенттері белсенділік танытты.

Тренингтен кейін жастар кәсіби бодибилдирден дұрыс тамақтану туралы кеңес алды.

Жақсы денсаулықты сақтау үшін спортты және салауатты өмір салтын насихаттаңыз, әрқашан жігер мен рухтың күшін сезініп, жақсы көңіл-күйде болыңыз!