Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қала күніне орай интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды

09 Ақпан 2018 20:12


Қарағанды қаласында «Где, где? В Караганде!» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті Бүгін, 9 ақпан күні, Қарағанды облысының кәсіподақтар орталығында, Қарағанды қ. Жастар ресурстық орталығымен Қала күнінің қарсаңында, Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына арналған, «Где? Где? В Караганде!» тақырыбына «брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарынан арнайы жинақталған командалары қатысты. «Брейн-ринг» ойыны Қарағанды қаласындағы жастардың арасында интеллектуалдық ойындарды кеңінен тарату және одан әрі дамыту үшін, сондай-ақ қаламыздың тарихына құрметпен қарау, азаматтық білімді, патриотизмді насихаттау мақсатында өткізіледі. Біздің сүйікті қаламыздың тарихы мен заманауи кезең тақырыбына арналған, 15 сұрақтан және үш бөлімінен тұратын “Брейн-ринг” ойыны орын алды. Сонымен қатар қатысушыларға Олимпиада ойындарының тарихы жайында қосымша сұрақтар қойылды. Қатысушылардың қаланың тарихы мен оның атақты тұлғалары туралы тарихи деректерді жақсы білетіндері байқалып, аудитория бәсекелестік пен қызығушылыққа толы болды. Зияткерлер кубогының иегері мен ойынның жеңімпазы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерінен құралған "Легенда" командасы аталып, “Политех” (Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері), «INSIGHT» (Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері), «KEUK» «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің студенттері), “Black Crown” («Болашақ» академиясының студенттері) командалары диплом және алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңа зияткерлік сайыстарда кездескенше!

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина