Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Замандас»

09 Ақпан 2018 20:38


2018 жылдың 9 ақпанында М.О.Әуезов атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубы ашылды. іс-шара мақсаты: кітапхананың қарт оқырмандарына қоғамға пайдасын тигізуде үлес қосу, өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шараға кітапхананың зейнеткер оықрмандары шақырылды. Шара барысында өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жылтыбаева Г.Р. және №52 ОМ кітапханашысы Л.А.Болошенко қатысушыларды клубтың мақсаты мен міндетімен таныстырды. Сонымен қатар, кеш барысында клубтың шығармашылық жоспарлары жасалды: зейнеткерлердің әлеуметтік тұрмыстық мәселелерін шешумен қатар қаланың мәдени өміріне араласу, шығармашылық орта құру, қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру. Жыл бойы клубта Қарағанды қаласының қызықты және ұлы тұлғалардың мерейтойлы даталарына арналған кездесулер өткізу жоспарлануда. Клуб мәжілісі айына бір рет өткізілетін болады. Клуб жетекшісі болып Л.Е.Зазуля және Х.А.Карикбаев тағайындалды. Шара соңында Қарағанды қаласының күніне арналған «Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында талқылау өткізілді. Клуб қонақтары үшін «Көз көргендер», «Поющие сердца» вокал топтары және клубтың жас мүшелері «Қарымды қаламгер» өнер көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «Қарағанды: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина