Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жасампаз Қарағанды қаласы бүгін өзінің туған күнін тойлауда

10 Ақпан 2018 01:56


Қарағандылықтардың туған қаласын және шағын Отанын шын жүректен мақтан тұтатын адал адамдар екені ешкімге құпия емес. Бүгін қойнауы кенге бай өнеркәсіпті қаланың тұрғындары көтеріңкі көңіл күйде. Сарыарқа төріне жайғасқан шаһарымыздың 84 жылдығын тойлауға қаланың кей ұйымдары барынша дайындалды. Мысалы, өз жолаушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін, №3 автобекет өздерінің екі автобусын көз жауын алардай безендірді. Олар: №53 бағытта және №43 бағытта қозғалатын қоғамдық көліктер. «Регион» такси компаниясы жүргізушілер ұжымымен бірге жерлестерін мерекемен құттықтап, бейнесыйлық - автомобиль флешмобын дайындады. Қарағандылықтар мен қала қонақтарына олар көлік фараларынан жасалған өздерінің жүрегін сыйлайды. Бұл флешмобты әлеуметтік желілерден көруге болады. Коммуналдық қызметтер де қарап қалған жоқ. Атап айтқанда «Көркейту» МКҚ кезекті рет өздерінің өзгелерден ерекше, əрі шын патриот екендерін сөзбен емес, ісімен дəлелдеді. Бүгін кәсіпорын техникалары жолға құттықтау сөздерін жазып шықты. Мәдениет және демалыс орталық саябағы барлық келушілеріне сырғанау алаңдарын ұйымдастырды. Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы туған қаласына шынайы сезімін білдіретін бейнебаян дайындады. Әдемі мәнерлеп сырғанаушылар жұбы мұз айдынында мың бұрала əсем биден шашу шаашты. Шүбəсіз патриотизм Қарағанды қаласының көптеген тұрғындары мен ұйымдарына тән қасиет. Бүгінгі күн осыған дәлел бола алады. Туған күніңмен, сүйікті қалам!

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина