Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Үйлестіру Кеңесінің 2018 жылдағы алғашқы отырысы өтті

23 Ақпан 2018 17:50


22 ақпанда Қарағанды қаласының әкімдігінде тұрғындардың денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша қалалық Үйлестіру Кеңесінің қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен 2018 жылдың алғашқы отырысы өтті. Отырыста денсаулық сақтау саласындағы 2017 жылдың көрсекіштері мен аса маңызды аурулары бойынша қорытындылары және 2018 жылғы мақсат міндеттер айқындалды, сонымен қатар мүгедектердің оңалту, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы сияқты өзекті сұрақтар көтерілді. Бұдан басқа, Кеңес мүшелеріне жаңадан еңгізіліп отырған Damumed мобильдік ұсынысы туралы, МӘМС жүесінің енгізілуінің ақпараттық-түсіндірме жумыстарының жалғасуы туралы ақпарат берілген болатын. Осы сұрақтар қызу талқылануының барысында қатысушылардың көбі қоғамдағы өзекті мәселер жайында айтып, бұл сұрақтардың маңыздылығы сөз етілді. Үйлестіру Кеңесінің жұмысына облыстың медицина ұйымдарының, білім бөлімінің, Қарағанды қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің т.б. өкілдері қатысты. Кеңеске «Лайықты өмір» ҚҰ төрағасы А.М.Ивкин шақырылған болатын. Ол отырыс барысында мүгедектердің бір қатар туындайтын өзекті мәселелерін айқындап берді. Үйлестіру Кеңесі аясында қала әкімдігі денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің жағдайын бақылауда ұстайды, сол арқылы бұл сұрақтардың талқылануы мен шығу жолдарын табуына қажетті алаң қалыптастырады. Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттардағы жұмыстарды жақсарту мақсатында тапсырмалар берілді.

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина