Қарағандыда
  • USD 371.86
  • EUR 433.33
  • RUB 5.46
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысы алқаптарының электрондық картасы құрылды

    Қарағандыда алқаптардық электрондық картасы құрылды. Бұл өз кезегінде егістік алқаптарының пайдалануын, жанар-жағармайдық шығындалуын бақылап, қажетті егістік материалдарын дәл есептеуге мүмкіндік береді.

     

    Алқаптардық электрондық картасы– әр шаруа қожалықтардың шекаралары мен сипаттамалары бойынша мәліметтерді кешенді жүйелеу. Оларды осы жылдың ақпан айында құра бастады. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 1 млн 208,2 мың гектарды құрайтын 9,6 алқаптардың картасы дайын.

     

    Толықтай жұмыстар сегіз аудан мен бес қалада аяқталды: Абай, Қарқаралы, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Ұлытау аудандарында, сондай-ақ Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Саран және Сәтпаев қалаларында.

    - Электрондық карталардың тиімділігі – олардың көмегімен егістікке жарамды жерлердің тиімді пайдалануын, жанар-жағармайдың үнемді шығындалуын бақылап, егін егу айналымын жоспарлап, тыңайтқыштардың дәл мөлшерін есептеп, қажетті егіс материалдарын нақта есептеуге мүмкіндік береді. Келешекте minagro.kz порталында егістік жұмыстаына арналған дизельдік отынды электронды түрде таратуға мүмкіндік жасалады. Ол өз кезегінде ауылшаруашылық өнім өндірушілер, әкімдік және операторлар арасындағы тікелей байоанысты жояды. Осының арқасында һткен жылы ғарыштан жасалған фотосуреттердің көмегімен егіс алқаптарының көлеміне қарап, алқаптарға жанармай әділ бөлініп, таратылады. Сату-сатып алу келісімшарты, өтінімдерді рәсімдеу оn-line режимде өткізіледі, - дейді Қарағанды облыстық ауылшаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

     

    Алқаптардың электрондық карталарының мәліметтері мемлекеттік қызметтерді көрсету және нақты жер шаруашылығымен айналысу элементтерін енгізуде негізге алынатын болады.

    Болашақта Қарағанды облысында осы секілді мал жайылып алқаптарының электрондық картасын құру жоспарланып отыр. 

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина