Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Айналма жолдың құрылысы кезінде қайыңды тоғай үшін аз шығынды нұсқа таңдалды

    Қарағанды облысы әкімдігінде өткен баспасөз-конференциясында «Оңтүстік-Орталық» көлік дәлізінің солтүстік-шығыс айналма жолының «Қарағанды-Теміртау» бөлігі өтетін Шағын қайың орманының тағдыры баяндалды.
    Жиынға Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды жоспарлау басқармасының жетекшісі Руслан Түлепбаев, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Қарағанды облыстық бөлімшесінің директоры Қанат Шаймин мен оның орынбасары Игорь Гафтон, «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» мекемесінің директоры Мақсат Мұқанов қатысты.
    Әлеуметтік желілерде жол құрылысына байланысты ағаштарды кесуге қатысты мәселе кең талқыланды. Қала жұртшылығы қайың орманын сақтап қалу мақсатында петицияға қол қойды.
    Спикерлер жобамен таныстырып, оның табиғатқа әсерін түсіндірді. Баспасөз-конференциясына тәуелсіз экологтар мен бастамашыл топ өкілі Мария Фатеева қатысты.
    - 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында «Оңтүстік-Орталық» -«Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» көлік дәлізін қалпына келтіру бойынша жоба әзірленді. Жобалау кезінде бірнеше нұсқа қаралды, олардың ішінен ең тиімдісі, орман шаруашлығына аз шығын келтіретін нұсқа таңдалды,-деді Руслан Түлепбаев.
    «Тихонов қайың орманы» мемелекеттік табиғат ескерткіші құрылыс аумағына енбеді. Автожол тек Шағын қайың орманы арқылы ғана өтеді. Бұл жерде 140 қайың кесіледі.
    Баспасөз-конференциясында мәлім етілгендей, оның орнына орман қоры аумағында дәл осы тоғайға қайыңның 4000 көшеті отырғызылады. Сонымен қатар, 1400 қарағай қайта отырғызылады.
    «ҚазАвтоЖол» орман шаруашылығы жұмыстарына шамамен планирует 30 млн теңге бөлмек. Орманды жойғаны үшін мемлекетке тағы 4,5 млн теңге көлемінде өтемақы төлейді.
    - Бұл аумақта әзірге бірде бір ағаш кесілген жоқ. ҚР Үкіметі орман қорындағы жерлерді транспорттық қажеттіліктерге өткізу туралы келісімді ресми түрде бекітпейінше, ағаштарды кесу мен қайта тырғызу жұмыстары жасалмайды,-деп сендірді Руслан Түлепбаев.-Бүгінгі таңда барлық материалдар жер ресурстарын басқару бойынша орталық құзырлы мекемеге жөнелтілген. Нормативті-құқықтық акт жобасы дайын, ол талқылаулардан өтуі тиіс. Оған бірнеше ай жұмсалады, жыл соңында барлығы шешілуі тиіс.
    «Қарағанды-Теміртау» бөлігінің жобалық-сметалық құжаттарын «Каздорпроект» ЖШС (Алматы) жасаған. 2016-шы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалау кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізілген.
    Орман массиві бойынша ұзындығы 1,2 шақырым және 700 м екі жол бөлігі өтеді.
    -Неліктен қазір қолданылмайтын жолдың бұрынғы бөлігі қалпына келтірілмейді деген сұрақтар қойылуда. Мұнда автобан салынбақ, оның нақтыланған нормалары мен талаптары бар. Жылдамдық тәртібі мен жол қозғалысының қарқыны бұрынғы жол бойынша қауіпті,-деп түсіндірді Игорь Гафтон.
    Басқа екі нұсқада келмеген: оның бірінде айналу алаңы үшін қазіргіденде көп ағаш кесілуі керек еді; екіншісінде эктакада ұсынылды, оның іргетасы үшін де қайың орманының жартысын кесу керек еді.
    - Соңында ең тиімді жолды таңдадық, ол - осы сіздердің алдарыңыздағы нұсқа. Яғни екі қайың көшеттері арасындағы бөлік таңдалды,-дейді «ҚазАвтоЖол» АҚ бөлімшесі директорының орынбасары.-Айтылған кеңестерді ескере ҚОКӘБ (қоршаған ортаға келетін әсерді бағалау) жобасына өзгертулер енгізілді, ол қазір мемлекеттік сараптамада. Жас көшеттер бойынша мәліметтер енгізілді:қанша ағаш кесіледі және қайта отырғызылады, және де жаңа көшеттер саны бойынша.
    Оның сөзінше, адамдардың жолдан өтуі ыңғайлы болу үшін компания қосымша шығындарға барған,ол үшін арнайы жаяу жүргіншілер жолы салынып, шуыл өткізбейтін кран орнатылады.
    Журналистерді ағаштарды қайта отырғызғанда олардың жағдайы мен жаңа көшеттердің өсіп-өнуі қызықтырды. Спикерлердің сөзінше, ағаштарды отырғызумен және оларды ары қарай баптаумен орман шаруашылығының білікті мамандары айналысатын болады.
    Қайың орманының тағдарына қатысты жол құрылысын бақылауға жұртшылық қатысатын болады деп уәде етілді.


     

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина