Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Нұра ауданындағы «Шахтёрское» ЖШС картоп өсіруде сандық технологиялардың толық кезеңін енгізді

     

    Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен Нұра ауданында болып қайтты. Ол ірі дәнді-дақылдарды егуші кәсіпорындар - «Шахтёрское» және «Пржевальское» ЖШС, және де «Егінді» ауылдық округінің шаруашылық қожалықтарын аралады.
    2018-ші жылы Нұра ауданында дәнді-дақылдар 237 мың гектар алаңда егілген. Картоп 922 гектарға егілген – өткен жылмен салыстырғанда, егу 22,6% өскен.
    Аудан диқаншылары егістіктерді минералды тыңайтуға көп көңіл бөле бастаған. Заманауи технологиялар көп мөлшерде өнім алуға көмектеседі. Ауыл шаруашылығын өндірушілер егістік жағдайының жақсарғанын атап өтуде. «Пржевальское» ЖШС 25 мың гектар егістік алаңы бар. Шаруашылық белсенді түрде ылғалды сақтау технологияларын қолданып, техника паркін жаңартуда. Биыл 6 заманауи комбайн мен екі жаңа трактор сатып алынған.
    «Шахтёрское» ЖШС республикамызда қолданылып жатқан агроөнәркәсіп кешенін сандық жүйеге ауыстыру бойынша бағдарлама аясындағы «дәлме дәл егіншілік» технологиясын енгізу бойынша пилотты жобаға қатысуда. Кәсіпорын жақында картоп өсірумен айналыса бастаған және бұл бағыттағы істері сәтті болуда. Өнімділік бір гектардан 400 центнерге дейін жеткен. Мұндай нәтижеге картоп өсіруде сандық технологиялардың толық кезеңін енгізу көмектескен.
    2017-ші жылы «Шахтёрское» ЖШС заманауи жабдықтармен жабдықталған 8000 тонналық картоп сақтау қоймасы пайдаланыла бастады. Бүгінгі таңда 12 000 тонналық тағы бір қойманың құрылысы жүріп жатыр, жобаның құны – 1,2 млрд теңге.
    Облыс әкімінің орынбасары аудан бөлімшелерінің жетекшілерімен, ауыл және кент әкімдерімен жиын өткізді, онда ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Ол ет өндіруде индикативті көрсеткіштерге жету бойынша, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтасамыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина