Қарағандыда
  • USD 360.71
  • EUR 411.53
  • RUB 5.38
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында инклюзивті білімді МЖӘ механизмі бойынша дамыту жоспарланып отыр

    Қарағанды облысы әкімдігінде өткен жиналыста инклюзивті білім беру мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда Шахтинск қаласында оң нәтиже бар, онда ерекше білім қажеттіліктері бар балалар жүз пайыз білім алып жатыр. Жұмысты осылай ұйымдастыру облысымыздың барлық аймақтарында жүзеге асырылатын болады.
    Сондай-ақ балабақшаларда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша инклюзивті топтар құру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бұл жолмен «Колобок» жекеменшік орталығы жұмыс істеп жатыр.
    Бір «ерекше» баланың мектепке дейінгі білім алуына мемлекеттік тапсырыс айына 52 мың теңгені құрайды – қарапайым топтармен салыстырғанда екі есе көп.
    - Бізге бұл бағытты бизнес үшін тартымды ету қажет. Біз инклюзивті білімді дамытуды ынталандыруымыз керек. Ол үшін мемлекеттік тапсырыс қанша сомаға түсетінінің нақты есептері болуы тиіс. Жәнеде бұл ретте үнемдеу мәселесі көтерілмеуі тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.
    Облысымызда қазіргі таңда ерекше күтімді қажет ететін 9 188 бала бар (0-ден 18 жасқа дейінгі жалпы балалар санының 2,5%). Оның 38,8% - ол мектепке дейінгі жастағы балалар, 61,2% - мектеп жасындағылар.
    Аймағымызда ақыл, көру, есту мүмкіндігі, тірек-қозғалу аппараты шектелген балалар білім алатын 10 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Бұған қоса, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды балабақшалар мен мектептердің базасында біріктіріп оқыту жүйесі жүзеге асырылады – ол 94 арнайы топтар мен 87 сыныптарда өтеді. Балабақшаларда 21 инклюзивті топтар, мектептерде 470 инклюзивті сыныптар бар.
    2016-шы жылы облысымыз «Инклюзивті балабақша – мектеп - колледж» республикалық пилоттық жобаға енді. Инклюзивті тәжірибеге 16 балабақша, 199 жалпы білім беру мектептері, 22 колледж жұмылдырылды. Әдістемелік қолдауды Қарағанды қаласының №27 мектебі негізінде құрылған облыстық ресурс орталығы көрсетеді.
    Жиналыс барысында 2016-2019-шы жылдарға арналған аймақтық Инклюзивті білімді дамыту жол картасы қазіргі уақытқа сай түзетулер енгізуді талап ететіні атап айтылды.
    Инклюзивті білімді дамыту үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет: кадрлар даярлау, психологтық-медико-педагогикалық кеңес берулер санын ұлғайту, инфрақұрылымды жақсарту, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру және т.б. бойынша. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
    - Инклюзивті білімді дамыту – барлық қоғам үшін маңызды сұрақ. Облыс басшылығы тарапынан толықтай қолдау көрсетілетін болады. Қажетті шаралардың барлығын қолдану керек. Әрі қарай қалай жылжу керектігін түсініп, талқылау үшін мезгілді түрде кездесіп отыратын боламыз, - деді Ерлан Қошанов.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина