Қарағандыда
  • USD 360.71
  • EUR 411.53
  • RUB 5.38
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    «Факел» сауықтыру лагеріндегі балаларға өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Бектау ата шатқалындағы «Факел» балалар сауықтыру лагерінде Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінен жиналған балалар демалады. Мұнда олардың дамуына және сауығуына барлық жағдай жасалған, бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қолданылған. Жақында «Факелде» Қарағанды облыстық ТЖ бойынша Департаментінің бастығы Ыбрахым Күлшімбаев болып қайтты.


    Лагерде өрт қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады: барлық корпустарда дабыл қағу датчиктері мен өрт сөндіруге арналған қажетті жабдықтар орнатылған. Лагердің аумағында Балқаш қаласының №45 МӨБ қызметкерлері мен өрт сөндіру автокөліктері тәулік бойы кезекшілік етеді. Балалар үшін өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру әңгімелерін жүргізетін дәрістер өткізіледі.
    Осындай дәрістердің бірін бөлімше командирі, старшина дархан Алғамжанов және өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі шалқар Аятаев өткізді. Балалар серуенге шыққанда далаға қалай от жағып, қауіпсіздік ережелерін қалай ұстану керектігін, өрт пайда болғанда қандай әрекеттер ету керектігін біліп қайтты. Дәрістер сайыс түрінде өткізілді, онда балалар өрт сөндіру – техникалық жабдықтармен жүз метрлік қашықтықты жүгіріп өту, әскери өрістеу (магистралдық және жұмыс өртке су себетін түтіктермен жұмыс істеу), зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған.
    Жас қатысушылар өрт сөндіруші рөлінде болып, әскери киімді киіп, өрт сөндіргіш құралдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
    Сайыс нәтижесі бойынша №45 МӨБ бастығы подполковник Мұрат Бажбеновтың атынан әрбір қатысушыға мақтау қағаздары, ал жеңімпаз командаға ауыспалы кубок табыс етілді. Бұл кубок салтанатты түрде ауысымнан ауысымға үздік командаларға беріліп отырады. Бұл жақсы дәстүрді өрт сөндірушілер бастап берді.

    Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінің «Ақжелкен» жастар баспасөз-орталығы таратқан ақпарат бойынша
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина