Қарағандыда
  • USD 360.71
  • EUR 411.53
  • RUB 5.38
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылық оқушыларда өлкетану бойынша оқулық пайда болды

    Қарағандыда "Руxани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде 5-7 сынып оқушылары үшін "Өлкетану" оқулығы құрастырылды.
    Бүгін оның тұсаукесері Облыстық тариxи-өлкетану мұражайында педагогтардың, сарапшылар және ата-аналар қауымының қатысуымен өтті. Оқулықты дайындау барысында құрамына Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері енген авторлық ұжым жұмыс істеді. Сондай-ақ өлкетанушылар, аймақтық тариxи-өлкетану мұражайлардың қызметкерлері көмектескен.
    «Өлкетану» курсы біріктірілген болып табылады, оның құрамында тариx, география, әдебиет, мәдениет, музыка, өнер және т.б. пәндер кіреді. Мақсаты - оқушыларға тек туған өлкесі туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында зерттеулік қызығушылықты ояту болып табылады. Өлкетану туралы қарағандылық оқулық еліміздегі үздіктердің бірі болып танылды. Ол сарапшылардың қорытындысын алды.
    - Оқулық жаппай таралыммен мемлекеттік тапсырыс бойынша бюддеттік қаражат есебінен басылып шығарылады. Оны облысымыздың барлық орта білім беру мектептері алады, жәнеде 1-ші қыркүйектен бастап сабақта қолданылады, - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина