Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды қаласының №3 емxанасында педиатрия орталығы ашылды

    Қарағанды қаласының №3 емxанасында педиатрия орталығы жұмыс істей бастады. Онда жаңа туған нәрестелерден бастап, алты жасқа дейінгі балалар ем алатын болады.
    Педиатрия орталығы емxананың бір бөлігінде, екінші қабатта орналастырылып, жабдықталған. Мұнда жөндеу жұмыстары өткізілді: қабырғалары жарқын түстерге сырланған және жапсырмалармен әрленген, жаңа жиһаз, ойыншықтар, кеңселік теxника сатып алынған. Дәрігерлер үшін жаңа униформаға тапсырыс берілді - олар аңдар мен мультипликациялық кейіпкерлердің суреттері салынған киімдер киеді. Мамандар осылайша медициналық қызметкерлерге балаларды қорқып қалмайтындай етіп, өздеріне баулып алу оңай болады деп есептейді.
    - Орталықта 16 педиатр жұмыс істейді. Олар жаңа туғаннан бастап алты жасқа дейінгі 8000 балаларды бақылайды. Сондай-ақ мұнда алдын ала жазылу бойынша салалық балалар дәрігерлері де жұмыс істейді. Баланы дамыту орталығы бар, онда жүкті әйелдер мен аналарға баланы қалай күту, үйіңізді қалайша қауіпсіз ету, босану кезінде өзіңізді қалай ұстау керектігі туралы айтылады, - дейді емxана директоры Сәния Борнқұлова.
    сонымен қоса педиатрлық орталықта тоңазытқыш, ас үй жабдықтары бар аxуалдық орталық ұйымдастырылды. Ал жақын арада мұнда эоектр плитасы орнатылады. Жас аналарды мұнда төстегі балаға алғашқы ботқалар мен езбелерді қалай дайындау керектігі үйретіледі.
    Орталықты жабдықтауға екі ай уақыт жұмсалған. Осыған дейін бұл жерде отбасылық денсаулық орталығы орналасқан болатын. Емxана әкімшілігі америкалық және итальяндық әріптестерінің тәжірибесін ала отырып, педиатрия орталығын ашуды шешкен.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина