Қарағандыда
  • USD 361.94
  • EUR 423.25
  • RUB 5.40
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылық білім ұйымдастырушылар Сібірде тәжірибе жинақтауда

    Құрамына білім ұйымдастырушылар енген Қарағанды облысының делегациясы сібірлік қала Томскке аттанды. Бұл сапардың мақсаты - балаларға жалпы және қосымша білім беру саласындағы Томск облысының тәжірибесімен танысу.
    Қарағандылықтарға «Кванториум» балалар технопаркін көрсетті. Қонақтар оқу квантумдарындағы және Hi-tech цехындағы жұмыстарды көрді, мектеп оқушылары іске асырып жатқан жобалармен танысты. Сонымен қатар «Ғарыш сабағы» танымал ғылыми жобасының тұсаукесері өтті.
    Делегация өкілдері Томск облсының балабақшаларын, мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарын аралайды.Жәнеде бағдарламаға Томск физико-техникалық лицейінің, Ашық жастар университетінің, Сандық технологиялар мектебі мен басқа да ұйымдар қызметімен танысу енген.
    Қарағандылықтарды сібірлік әріптестерінің оқушылардың сабақтан тыс және жобалық-зерттеушілік қызметтерін ұйымдастыру, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балалармен жұмыс бойынша тәжірибелері қызықтырады.

    Томск облысының Жалпы білім департаментінің ақпараты бойынша