Қарағандыда
  • USD 367.06
  • EUR 416.17
  • RUB 5.56
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылықтар Астанада өткен тауар өндірушілердің форумына қатысты

    Астанада 14 қыркүйек күні Астана қаласы және Қарағанды облысы әкімдіктерінің бірлесе ұйымдастыруымен тауар өндірушілердің форумы өтті. Оның мақтасы: аймақаралық кооперацияны дамыту, аймақтың өндірістік потенциалының тұсаукесері, отандық тауар өндірушілерді қолдау және іскерлік байланыстарды орнату.
    Қарағандылық делегацияға облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жетекшілік етті. Оның құрамына Қарағандының 50 астам өндірістік кәсіпорындарының өкілдері енді.
    Форум «Барыс-Арена» мұз айдыны сарайында ұйымдастырылды. Тауар өндірушілер көрмесінде 30 қарағандылық және 23 астаналық кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.
    Астана қаласының Басқармалары 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысын салу туралы, Астана қаласында 2018-2020 жылдарға арналған коммуналдық желілер құрылысын салу және қайта құру туралы тұжырымдамаларын ұсынды.Ірі құрылыс компанияларының өкілдері құрылыс кезінде отандық құрылыс материалдарын қолдану жөнінде баяндады.
    Іскерлік кездесу нәтижесінде астаналық құрылысшылар мен Қарағанды облысының кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы 10 жуық меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар форум аясында B2B үлгісінде диалогтік алаң ұйымдастырылды, онда қарағандылық тауар өндірушілер елордалық тұрақты тапсырыс берушілермен келіссөздер өткізді.
    Бүгінде Қарағанды облысында өненкәсіптің түрлі салалары бойынша 217 ірі және орта кәсіпорындар бар, оларда өңір халқының 30% астамы еңбек етеді. Облыстағы аймақтық өнім көрсеткішінде өнеркәсіп үлесі 55% құрайды.
    Қарағандылық кәсіпорындар әлемнің 40-тан астам еліне өз өнімдерін экспорттайды.
    Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бірнеше экономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында: өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлімі бойынша (2018 ж. қаңтар-ақпан айларында- 754,8 млн $); өңдеуші сектордың меншікті салмағы бойынша (20,2%); өңдеуші өнеркәсіптегң жұмысшылар саны бойынша (2018 ж. 1-тоқсаны - 90,3 мың адам); еңбек өнімділігі бойынша (2018 ж. қаңтар-наурыз айларында - 12 000$/адам).
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина