Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Ауыл тұрғындарына өз істерін ашуға несие алу оңайырақ болады

    Қарағанды облысында аймақтық шағын несиелік ұйым құру жоспарланып отыр. Ол өз кезегінде аудандарда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді. Өтімді кепілді жылжымайтын мүлігі жоқ ауыл тұрғындары өз ісін ашуға несие ала алатын болады.

    Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша президенттік бағдарламаны жүзеге асырудың проблемалары туралы аймақ басшысына өткен аптада есеп берілді. Банкттердің саясаты көптеген ауылдық кәсіпкерлер үшін несие беруге мүмкіндік бермей отыр, себебі оларда өтімді жылжымайтын мүлік жоқ. Бұл проблема Қаражал мен Жәйремде аса өткір болып тұрғаны анықталған. Билік басындағылар ол сұрақты қалай шешетіні туралы аймақ басшысы облыстық Мәслихат депутаттарының алдында жасаған есебі барысында тоқтала кетті.
    - Мен Қаражалда болдым, кәсіпкерлермен кездесіп, сөйлестім. Шынымен де ол жерде бұл мәселе өте өткір тұр: несие алуға берілген 40 өтінімдердің тек біреуі ғана құпталған. Біз қазір банкирлермен, «Даму» қорының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ауыл тұрғындары жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алуы үшін аймақтық шағын несиелеу ұйымын құруды көздеп отырмыз, - деді Ерлан Қошанов.
    Бұған қоса өзінің есебінде аймақ басшысы Елбасының осы жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысына сапары барысында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша хаттамаға қол қойылғанын атап айтты. Олардың қатарында – Қарағандыдағы үшінші жылу таратушының, 50 метрлік бассейнің, Оқушылар сарайының құрылысы бар. Теміртауда ол жылумен қамту мәселелерін шешуге және емхананың құрылысына қатысты.
    Сондай-ақ облыс әкімшілігі Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша хаттама құруға кіріскен.
    Өз сөзінде Ерлан Қошанов аймақтағы өнеркәсіптің дамуы туралы да тоқтала кетті.
    - Ағымдағы жылдың 8 айында 1,7 трлн теңгеге өнім өндірілген. Осылайша, АМТ-да соңғы 10 жылда алғаш рет болат өндірісі 4 млн тоннадан асқан. Қазақмыс жыл сайын 300 мың тоннадан астам мыс өндіреді. Тағы бір өндірістік алпауыт Жәйрем ТКБК болмақ. Биылғы жылы Глинкор трансұлттық компаниясы мен Казцинк құны 100 млрд теңгені құрайтын кен байыту фабрикасының құрылысына кірісті, онда тау-кен комбинаттарының соңғы зерттемелері қолданылатын болады. Ол сонымен қатар 300-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті аймақ басшысы.
    Сондай-ақ аймақ басшысы шағын және орта бизнестің дамуы туралы айтып өтті. Тек «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша ғана ағымдағы жылы жалпы сомасы 7 млрд теңгені құраған 72 жоба құпталды, жәнеде 3,5 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.
    Агроөнеркәсіп кешеніне биылғы жылы 8,7 млрд теңге инвестиция жұмылдырылған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 271 млрд теңгені құрады.
    Облыс әкімі жол инфрақұрылымының дамыуына да назар аударды. 1200 шақырымнан астам жолдары жөндеуге 45 млрд теңге бөлінген. Биылғы жылы Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Қарқаралы және Қарағанды-Баянауыл автожолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталады. Кент ішіндегі және жергілікті жолдарды жөндеуге 20 млрд теңге бөлінген.
    Аймақ басшысы тұрғын үй құрылысына қатысты да есеп берді. Биылғы жылы 379 мың шаршы метр жаңа тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 245 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1707 пәтерлер берілген.
    Бұған қоса, осы жылы Қарағандыда екі емхана ашылады, келесі жылдың басында тағы үшеуінің құрылысы басталады. Білім саласында ағымдағы жылы негізгі мәселе мектептердің жүктелімі мен оларды жөндеуге қатысты болды. Білім мекмелеріндегі жөндеу жұмыстарына биылғы жылы облыстық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.


     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина