Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Әлемдік деңгейдегі музыканттар Қарағандыда шеберлік-сыныптарын өткізеді

    12 қазан 15.00-де Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада әлемдік деңгейдегі музыканттардан шеберлік-сынып өтеді. Шеберлік-сынып тақырыбы: «Өзіңіздің шынайы дауысыңызды барабандық дыбыстар мен әндер арқылы ашыңыз!».

    Кездесуге қатысушыларға өз креативтілігін барабан, әндер және шығармалар арқылы ашуға көмектеседі. Сонымен қатар оларды өз дауысын және өз сөздерін әндер, джаздың лирикалық және рифмалық техникасы, ритм-энд-блюз, сондай-ақ халықаралық вокалдық стильдер арқылы қолдануды үйретеді.

    Шеберлік-сыныпты қарағандылықтар үшін Амикаэла Гастон, Мена С. Рамос, Элизабет Сайер және Мишель Гёрлитз өткізеді.

    Амикаэла Гастон - Washington Area Music Accociation Awards сыйлығының 8 мәрте иегері, композитор және орындаушы, оның дауысын қазіргі заманғы ең «таза» дауыс деп сипаттайды. Оның төмен дауысы «сарқыраманың мақпал дыбысын» (MTV) елестетеді және өзінің шынайылылығымен тыңдарманды баурайды.
    Доктор Мена С. Рамос – кәсіби дәрігер, вокалшы және барабаншы. Ол АҚШта ұлттық деңгейде, сондай-ақ Кубада, Бразилия мен Филиппинде халықарылық деңгейде өнер көрсеткен. Қазіргі таңда ол Сан-Францискода би труппаларымен өнер көрсетеді.
    Элизабет Сайр 1994-ші жылдан бастап афрокубиндік музыка мен батада (барабан түрі) ойнап, орындайды. Осы бағыттағы АҚШ және Кубадағы көптеген шеберлерден дәріс алған.
    Мишель Гёрлитз «Blazing Redheads» және «Wild Mango» екі әйгілі және ұзақмерзімді жобалардың негізін қалаушылардың бірі болған. 2007-ші жылы ол Downbeat Magazine журналында «туып келе жатқан жұлдыз» деп аталған.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина