Қарағандыда
  • USD 374.47
  • EUR 421.43
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды мемлекеттік университетінде World Press Photo 2018 фото көрмесі ашылады

    Әлемнің түпкір-түпкіріндегі журналистердің үздік фото суреттері World Press Photo 2018 көрмесінде ұсынылады. Шара 9 қарашада ҚарМУ 11 корпусында ашылады.


    World Press Photo – жыл сайын өтетін, фотожурналистиа саласындағы ең беделді және мәртебелі сыйлық. Байқауға өткен жылы әлемді дүрліктірген анағұрлым атышулы оқиғаларды көрсететін жұмыстарын ұсынатын фотографтар қатысады.

    Қазылар алқасы сегіз санат бойынша номинанттарды таңдайды: қазіргі заманның проблемалары, қоршаған ортаны қорғау, жалпы жаңалықтар, ұзақ мерзімді жобалар, табиғат, адамдар, спорт және арнайы жаңалықтар.

    Биылғы жылы байқауға 125 елдің 4,5 мыңнан астам фотографтары жіберген 73 мыңнан астам суреттер ұсынылды. World Press Photo 2018 61-ші байқауы жеңімпаздарының есімі 12 сәуірде Амстердамда өткен Дүниежүзілік фотосуреттер көрмесінде жарияланды. Жүлдегерлер қатарына 42 адам кірді.

    «Жыл фотографы-2018» басты номинациясында Венесуэлалық фотограф Роналдо Шемидт жеңімпаз деп танылды. Оның суретінде тұла бойы отқа оранған противогаз киген жүгіріп бара жатқан ер адам түсірілген. Суреттегі кейіпкер – 2017 жылы 3 мамырда үкіметке қарсы манифестацияларға қатысқан 28 жасар Хосе Виктор Саласар Балса.

    Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі 7, ҚарМУ 11 корпусы.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина