Қарағандыда
  • USD 374.47
  • EUR 421.43
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандыда ағаштардың электрондық картасы құрылады

    Қарағандыда жасыл желектердің электрондық картасы құрылып жатыр. Онда барлық ағаштар мен бұталар белгіленіп, олардың жағдайы мен күтім ережелері жазылады.
    Бұл жұмыстарменаймақ басшысы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылық және агромелиорация қазақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр. Ағаштарды есептеу осы жылдың тамызында басталды. Жұмыстар 2019 жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарлануда. Қалалық бюджеттен бұл мақсаттарға 65 миллион теңге бөлінген.
    - Барлығы екі адамнан құралған бригадалармен 30 адам жұмыс істеп жатыр. Олардың біреуі өлшемдер жасайды: ағаштың биіктігін, диаметрін, жасы мен жағдайын анықтайды. Екінші адам ағашты картада белгілейді. Сонан соң бұл деректер цифрланады да, электрондық картаға енгізіледі. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ағаштарды кесуге, оруға рұқсаттамалар берілетін болады, - дейді коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жанболат Тоқмұрзин.
    Болашақта, электрондық карта толығымен дайын болғанда, көгалдандырумен айналысатын барлық ұйымдар отығызған ағаштарын, отырғызған уақыты мен ағаштың түрін көрсетіп, сол жерде белгілейтін болады.
    Қазір мамандар Қазыбек би атындағы аудандағы барлық ағаштарды есепке алуды аяқтаған. Енді олар Октябрь ауданындағы ағаштарды тіркеумен айналысып жатыр.
     

     

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина