Қарағандыда
  • USD 374.47
  • EUR 421.43
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысындағы барлық ЖЭО мен қазандықтардағы температуралық режим күніне екі рет қадағаланады

    Аймағымыздағы барлық ЖЭО және қазандықтардағы температуралық режим күніне екі рет қадағаланады. Қызмет көрсетушілер облыс әкімдігі мен Энергетика және ТКШ басқармасының мамандары алдында есеп беріп отырады.
    Температуралық режим, қазандықтардың жұмысы және отын қоры туралы мәліметтер атқарушы органдарға күн сайын 8.00 және 16.00-де келіп отырады. Егер Энергетика және ТКШ басқармасының мамандары бекітілген нормалардан ауытқушылық байқаса, кідірместен қызмет берушілермен хабарласып, бірлесе отырып мәселені шешуге кіріседі.
    - Біз жылыту туралы сөз қозғағанда, бізде бірінші кезекте Саран мен Шахан назарда болады. Бұл қалада 22 қазандық бар, жәнеде олардың барлығы жекеменшік. Өткен жылы тұрғындар даладағы ауа температурасы 30 градустан төмен түскенде, үйлері суып кеткенін айтып, шағымданған болатын. Ол шағымдарды біз ескердік, жәнеде осы жылы ондай жағдай қайталанбас үшін қазандықтардың иелерін 20-дан 50 тоннаға дейін сапалы көмір алуды мәжбүрледік. Әдетте қазандықтар қатты аяздар болмағанда шламмен жылытылады, ол жеткілікті, қажетті температураны береді. Алайда аязды күндері ол әлсіз, ондайда сапалы көмір қажет,- деп түсіндірді Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.
    2017-2019 жылдарға қабылданған Жол картасына сай Ақтау, Ағадыр және Шаханның тұрғын үйлерінде орналасқан 30 қазандықтар бөлек ғимараттарға сыртқа шығарылады. Ал Шаханда 117 үйге арналған орталықтандырылған қазандықтың құрылысына келер болсақ, қазір ол үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып қойды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы жасалды. Жоба ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 2019 жылға қаржыландырылу үшін жіберілді. Жоба құны 2 млрд теңге.
    Шахтинскідегі ЖЭО биылғы жылы ауқымды жөндеу жұмыстары жасалды: №3 станцияның қазандық агрегаты және ВМ-35 майлы ажыратқыш күрделі жөндеуден өтті. Тағы бір қазандық агрегатта, турбогенераторда, байланыс трансформаторында және бірнеше майлы ажыратқыштарда ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.
    Бұған қоса, отындық-көліктік цехтің, бұльдозерлердің, қосымша жабдықтардың құрылғылары, сорғыштар, сүзгіштер, бактар жөнделді. Жаз айларында цехтардағы жарық, жылу және магистралдық желілердің құбырларындағы ақауы бар бөліктері жөнделді.
    Қазір №4 қазандықтың күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар жалғасуда. Әзірге қалған екеуі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ғимаратта зақымдалған шатыр жөнделіп, пластик терезелер орнатылып жатыр.
    Теміртаудағы ЖЭО-2 жаңа, жетінші қазандық салу туралы шешім қабылдады. Болжам бойынша, жұмыстар екі жылға созылады.
    Барлығы Қарағанды облысында 8 жылу электр станциялары, 67 қазандық әжәне 700 ДЖЖ бар. Олардың барлығы жылыту маусымының алдында дайындық паспортын алды, қазір шататтық режимде жылу режимі нормаларын сақтай отырып, жұмыс істеп жатыр.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина