Қарағандыда
  • USD 374.47
  • EUR 421.43
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды симфониялық оркестрі XXXVI концерттік маусымын ашады

    Қарағанды симфониялық оркестрі Қытай бойынша өткізген ұзақ турнеден қайтып оралған соң, өзінің жаңа концерттік маусымын ашады. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекшісі Талғат Ыдырысов мәлімдеді.

    - Біздің симфониялық оркестр Қытай бойынша өткен турнеден оралды. Музыканттар 1 қыркүйектен 26 қазанға дейін гастролдеген. Ұжым 24 қалада болып, 34 концерт қойған. Аталмыш гастрольдік тур ҚХР Мәдениет министрлігі және Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігімен Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Концерттер қытай композиторы Сянь Синхайдың 100 жылдығына арналды, - дейді Талғат Ыдырысов.
    Оның айтуынша, гастролдер ерекше сәтті өткен. Қытайда қарағандылық оркестрдің өнерін тамашалауға толық залдар жиналып, көрермендер әр қойылымдардан соң ду қол шапалақтаған, әсіресе музыканттар қазақстандық композиторлардың туындыларын орындаған кезде.
    - Концерттік бағдарламада композитор Сянь Синхайдың музыкасы орындалды. Алайда бұған қоса, қытай көрермендеріне белгісіз «Қыз қуу», «Дайрабай» секілді қазақ туындылары орындалды. Жәнеде олар биске орындалды. Енді біз Қытайда толықтай қазақ композиторларының туындыларынан құралған концерт өткізгіміз келеді, - деп атап өтті Талғат Ыдырысов.
    Симфониялық оркестрдің көркем жетекшісі, концертмейстр Татьяна Передероның айтуынша, концерттердің репертуарын Қытай мәдениет министрлігі бекіткен.
    - Концерттердің бағдарламасы 5 вокалдық, 3 симфониялық туындылар мен Қытайдағы аса танымал «Сары өзен» фортепианолық концерттен құралды. Сонымен қатар «Менің елім» симфониялық концерті болды, ол қытай патриоттық әні, - дейді Татьяна Передеро.
    Концерттік бағдарламаны әзірлеуге екі аптадан астам уақыт қажет болды. Оркестр құрамында – 70 музыкант. Ұжым осыған дейін гастролдерімен Франция, Германия, Түркия, Испанияда болып қайтқан. Қытай қалаларында өткен гастролдік тур – қарағандылықтар үшін екінші, осыған дейін күншығыс елінде жерлестеріміз 2016 жылы болыпқайтқан.
    Сапардан оралған соң симфониялық оркестр өзінің XXXVI маусымын туған қаласында өнер көрсетумен бастайды.
    18 қараша 17.00 «Шалқыма» концерт залында клссиктердің туындылары орындалады: Петр Чайковскийдің оркестрмен скрипкаға арналған концерті, Людвиг ван Бетховеннің №3 «Қаһарман» симфониясы. Дирижер – көркем жетекші, бас дирижер, Бүкілресейлік байқау лауреаты Петр Грибанов.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина