Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында «Бастау» бизнес-курсының әрбір үшінші түлегі өзінің кәсібін бастады

     

    Қарағанды облысы «Бастау» жобасын жүзеге асыру тиімділігі бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтып отырған 2000 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Салыстырар болсақ, 2017 жылы бизнес-курстан 1313 адам өткен болатын, олардың 400-і жеңілдетілген шарттармен несие алып, өз ісін бастаған.
    2018-ші жылы қарағандылықтардың стартаптарын қаржыландыруға 2,5 млрд теңге бөлінген. Мемлекет қолдауын 600-ден астам жобалар алған. «Бастау» жобасының әрбір үшінші түлегі өзінің кәсібін ашты.
    Желтоқсанның басында осы жылғы соңғы алтыншы ағымы аяқталды. Білім беру бағдарламасында маркетингке, сатылым нарығын зерттеуге, бәсекелестік мәселелеріне баса назар аударылады. Тыңдаушыларды өз өнімдерін сатуды және жарнамалауды үйретеді. Кейбір модульдер қаржылық сауаттылыққа, салық заңнамасына, бизнесті құқықтық сүйемелдеуге арналған.
    - «Бастау» түлегі сертификат алады. Құжатты қолына алған соң оған өзінің бизнесін ашуға немесе іс жүзіндегі кәсібін кеңейту үшін қаржылық көмекке жүгінуіне болады. Қаржыландыру көздері бірнеше: Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры, шағын несиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктер. Кәсіпкерлер палатасы іс жүзіндегі бизнесті қолдау қызметі шеңберінде жобаларды сүйемелдейді, - деп атап өтті аймақтық Кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Жақсылық Ахметбеков.
    Келесі жылы Қарағанды облысында кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету мүмкіндіктері кеңейтіледі. «Atameken-Qaragandy» аймақтық шағын несиелеу ұйымы жұмысқа кіріседі. Оның басты міндеті – ауылдық жерлер мен шағын қалаларда жобаларды қаржыландыру болып табылады.


    Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша.