Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Теміртаудағы үй қояндарын өсіру фермасы толық қуаттылығына 2019 жылы шығады

    Теміртаулық кәсіпкер Дмитрий Андрейчук диеталық үй қоянының етін шығарумен айналысатын отбасылық ферма ашты. Кәсіпорынның жұмысымен қала әкімі Ғалым Әшімов танысып қайтты.
    Қазір фермада асыл тұқымды 450 үй қояны бар. 2019-шы жылы олардың санын 1200-ге дейін ұлғайтып, толық қуаттылығына шықпақ. Келешекте кәсіпорын қоян терісін өңдеумен айналысуды көздеп отыр.
    Ферманың өнімдері жергілікті супермаркеттерге жеткізіледі. Жануарларды сою үшін тоңазытқыш камералары бар, санитарлық талаптарға сай келетін арнайы жабдықталған орын қарастырылған.
    Ферма жетекшісі үй қояндарына арналған құрама жемді сатып алуға қатысты проблемалар жайлы айтты. Облыста ондай жемді шығаратын өндіріс жоқ, сондықтан оны Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алуға тура келеді. Ол өз кезегінде ферманың шығаратын өнімнің құнын ұлғайтуға мәжбүр етеді. Қала әкімі кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісіне бұл мәселені жергілікті жем өндірушілермен бірігіп шешуді тапсырды.

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина