Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Келесі жылдың көктемінде Ұлытауда туристерге арналған сапар орталығының құрылысы басталады

    2019-шы жылдың көктемінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданында сапар орталығының құрылысы басталады. Ол жайында аймақтық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Ұлытау ауданының әкімі Әнуар Омар мәлімдеді.

    - Біздің ауданда тарихи туризм, экотуризм, агротуризм және киелі мекендерді аралау секілді бағыттар дамытылатын болады. Ол үшін Мәдениет және спорт министрлігімен 718 млн теңге бөлінген болатын, бұл қаражат сапар орталығының құрылысына жұмсалады. Қазіргі таңда мердігер компания анықталып, мемлекеттік сатып алулар бойынша барлық процедуралар өткізілді. Орталық құрылысы келесі жылдың көктемінде басталады, - дейді Әнуар Омар.

    Аудан әкімінің айтуынша, Жезкиік және Көкмайса этнофестивалдерін өткізу Ұлытау ауданына келетін туристер ағымын ұлғайтқан. Егер 2017 жылы Ұлытауда шамамен 11 мың туристер болып қайтса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 25 000-ға өскен.

    - Біз ауданымызға туристердің қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Осыған орай біз ауқымды жұмыстар өткізуді жоспарлаудамыз. Осылайша, сапар орталығының маңында этноауыл салуды көздеп отырмыз. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін облыстық Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесе отырып, этноауыл құрылысына 150 млн теңге салуға дайын инвесторларды іздестіріп жатырмыз. Сондай-ақ келесі жылы киелі орындарға баратын жолдар да жөнделеді. Облыстық бюджеттен Сарлық ауылына дейін баратын 40 шақырым жолды жөндеуге 636 млн теңге бөлінді. Дәл осы ауылдың жанында екі ірі туристік нысандар – Хан ордасы мен Алтын шоқы орналасқан, - дейді Әнуар Омар.

    Ұлытау ауданының әкімі сонымен қатар туристер үшін қызмет көрсету сапасы қалай жақсартылатыны туралы айтты.

    - Бізде қонақ үйлер жоқ, сондықтан біз бұл проблеманы басқаша шешу жолдарынқарастырып жатырмыз. Мысалы, Ұлытау ауылында тұрғындар өз үйлерінен туристерге 29 бөлме бөлуге дайын екендерін жеткізді. Аманкелді кентінде – 12 бөлме. Мәдени нысандар орналасқан ауылдар мен ауылдық округтердің барлығында біз тұрғындармен келіссөздер жүргізіп, туристерге жатын орындарын бөлу мәселесін шешудеміз. Сонымен қатар қонақ үйлер салатын инвесторларды жұмылдыру әдістерін қарастырып жатырмыз, - деп мәлімдеді Әнуар Омар.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина