Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Ұлытау ауданында қазақ күресі мектебі мен стадион салынады

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлытау ауданында екі спорт нысандарының құрылысы жоспарланып отыр. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Әнуар Омар мәлімдеді.

    - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біздің аудан бойынша тоғыз жоба ұсынылды. Олардың төртеуі жүзеге асырылды. Тағы бесеуі келесі жылға жоспарланып отыр. Оның қатарында - 50 орынға шақталған демалыс аумағының құрылысы, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы стадион құрылысы да бар. Бұл жобалардың барлығы демеушілер қаражатына салынады, - деді Әнуар Омар.