Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Жезқазғанда апаттық үйге қатысты мәселе шешілді

    Жезқазғанда Жеңіс көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан апаттық үйге қатысты мәселе шешілді. Төтенше жағдайға жол бермеу үшін қала басшылығы қажетті шаралар қолданған. Бұл мақсатқа қаражат бюджеттен бөлінген.
    Алғашқы қадам ретінде қала әкімі техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Сонан соң заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлікті мемлекет меншігіне алу процедурасы өткізілді. Апаттық үйдің 48 пәтеріндегі тұрғындар өтемақыларын алды. Екі пәтер жекешелендірілмеген болып шықты, сондықтан оның орнына басқа баспана берілді.
    Тұрғындар мәселенің осылай шешілгеніне көңілдері толды. Олардың айтуынша, өтемақы сомасы жеткілікті.
    - Мәселе шешілді. Біз жеткілікті өтемақы алып, жаңа баспана алғанымызға қуаныштымыз, - дейді тұрғындардың бірі Дмитрий Наймушин.
    - Барлығы сәтті шешілгені жақсы болды. Біз қазір басқа пәтер іздеп жатырмыз, мәселеміз оң шешілгені үшін алғысымызды айтамыз, - дейді Таңат Байтөрин.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина