Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлес үшін марапаттар табыс етілді

    Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлес үшін марапаттар берілді. Салтанатты шара Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өту шеңберінде ұйымдастырылды.
    Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен жетекшілері, жоғарғы оқу орындары мен колледждердің, азаматтық сектор және БАҚ өкілдері, арнайы мониторингтік топтар қатысты.
    - Сақтандыру және алдын алу шаралары келешекте мемлекетімізде жемқорлықты жоюға септігін тигізеді. Қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күреске шақырғанда, бірден әрекет ететіні өте қатты қуантады. Ол азаматтардың саналылығын, патриотизм сезімі жоғары екенін және еліміздің болашағы, гүлденуі мен дамуына алаңдаушылық білдіретіндерін көрсетеді, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жетекшісі Жандос Сәрсенов.
    Марапаттарды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚММУ, ҚЭУ және Қарағанды облыстық Білім басқармасының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы алды.
    Сондай-ақ шара шеңберінде БАҚ өкілдерін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты үздік жариялағаны» үшін үш номинация бойынша марапаттады: «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік жарияланым» және «Үздік интернет-жарияланым». Үздік телевизиялық жұмыс ретінде «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі Тоғжан Лянованың сюжеті таңдалды. «Үздік жарияланым» номинациясында «Новый вестник» газетінің журналисі Елена Ульянкина жеңімпаз атанды. Ал ең үздік интернет-жарияланым авторы «Atameken Business Channel» порталының тілшісі Олег Гусев болды.
    Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастар ұйымдарының атқарар рөлі» тақырыбында эссе байқауында жеңімпаз атанған және «Мемлекеттік қызмет ерекше қызмет түрі және бейімділік – қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет ету» тақырыбында пікірталас турниріне қатысқан ЖОО және колледж студенттері марапатталды.