Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    ҚарМУ-де студенттік этносаралық мәдениет орталығы ашылды

    Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де жас зерттеушілердің V Құрылтайы және «Менің отаным - Қазақстан» атты конференция өтті. Оған 300-ден астам оқушылар, студенттер мен магистранттар қатысты.

    Шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Биылғы жылы Құрылтай мен конференцияға Қарағанды облысының барлық аудандарынан, Қарағанды және Астана қалаларынан жастар жиналды. Олар өз жобаларын бес секция бойынша ұсынды: «Тарихи тұлға және тарих», «Қоғамдық сананы жаңғыртуда ұстаздың атқарар рөлі», «Халықаралық жаңғырту тәжірибесі», «ХХІ ғасырдың жастары – Отанның болашағы» және «Ауылым – алтын бесігім».

    - Бұл секциялардың барлығы Қазақстанның рухани жаңғыруына арналады. Біз жастарға өз тарихымыз туралы, тарихи тұлғалар және олар әлемдік мәдениет пен өркениетке қандай үлес қосқаны туралы айтуымыз қажет. Ол жайлы Президенттің жуырда жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жан жақты айтылады. Осылайша жастар жаңғырудың, оның ішінде рухани жаңғырудың мәнін түсінеді. Тарихты сонымен қатар бүгінгі күнмен сабақтастыру керек. Біздің конференция – тарих пен бүгінгі күннің байланысы туралы, - деп атап өтті Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Бейсембекова.

    №33 мектеп оқушылары өз жобаларын «Қазақстан аумағында қанша тарихи тұлғада Бопан есімі болды» деген тақырыпта «Тарихи тұлғалар және тарих» бөлімінде жобасын қорғады.

    - Біздің жоба қоғамдық және жеке тарихи қайраткерлердің өмірлерінің көптеген аспектілерін қозғайды. Бұл деректер мен мәліметтер біздің заманымызда өте мардымсыз көрсетілген жән әрі қарай зерттеуді талап етеді... Менің ойымша, мұндай конфренциялар мен Құрылтайлардың өткізілгені дұрыс. Ол адамдардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына септігін тигізеді, - дейді Пришахтинскінің №33 кешендік мектебінің мұғалімі Александр Федорчук.

    ҚарМУ-гі Құрылтайға студенттік этносаралық орталығының ашылуын орайластырды.

    - Университетте түрлі ұлтты студенттер оқиды. Біздің тарих факультетінде шағын ассамблея құру ойы пайда болды. Этносаралық мәдениет орталығында олар өз тарихын және өз этносының тарихын зерттейді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясында «Қазақтану» бағдарламасы бар, бұл ғылыми-ағартушылық жобамен де біздің студенттер айналысады. Келешекте, осындай орталықтар біздің облыстың басқа да жоғарғы оқу орындарында да пайда болады деп ойлаймын, - дейді Нұрсахан Бейсембекова.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина