Қарағандыда
  • USD 377.95
  • EUR 431.20
  • RUB 5.66
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    "Шахтинск" шахтасының 45 жылдығына орай мұражай құрылды


    «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Шахтинск» шахтасына 45 жыл толды. Бұл датаға кен орнының мұрағат фото суреттері, спорттық марапаттар мен грамоталары, өндірістік жетістіктер туралы ақпарат және тағы да басқа мәліметтер сақталған мұражайдың ашылуы орайластырылды.

    Дәстүрлі қызыл лентаны кесу құрметі кәсіпорынның ардаерлеріне берілді. «Шахтинск» шахтасының 45 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға кен орнының бұрыңғы және қазіргі қызметкерлері жиналды. Олардың алдында құттықтау сөзімен шахта директоры Игорь Ахмеев шықты. Ол ардагерлерге атаулы мақтау қағаздары мен сыйлық сертификаттарын табыс етті.
    Бүгінгі таңда «Шахтинск» шахтасында 1000-нан астам адам қызмет атқарады, оның 763-і жер астында жұмыс істейді. Мерейтойлық жылда кәсіпорын ұжымы өндірістік жоспарды мерзімінен бұрын аяқтап, 1 130 012 тонна көмір өндірді.


    «Темиртауский металлург» газетінің материалдары бойынша
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина