Қарағандыда
  • USD 378.38
  • EUR 431.05
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылықтарды «Ардағым Ардагерім» қайырымдылық жобасының еріктісі болуға шақырады

    Қарағандылықтарды «Ардағым Ардагерім» жобасына қатысуға шақырады. Оның мақсаты жалғызбасты зейнеткерлерге шаруашылықтарында көмектесу болып табылады.

    Жоба бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Оған шамамен 30 еріктілер және депутаттар қатысады.

    - Біз зейнеркерлерге барып, үй шаруасында көмектесеміз: үй жинап, дүкенге барып, жер үйде тұратындарға отын жарып беріп, ауладағы қарды тазалап береміз. Әдетте бізде бір бригадада бес адамнан болады. Себебі одан көп адамдар шағын пәтерлерге сыймайды, - дейді Қарағандының Жастар ресурс орталығының жастармен жұмыс бойынша инспекторы Айгүл Жаманова.

    Оның айтуынша, зейнеткерлер оларға өздері xабарласады екен. Бұған қоса, қызметкерлер Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесі беретін тізім бойынша кімге көмек қажет екенін анықтайды. Аптасына еріктілер бір зейнеткерге барып шығады.

    Қазіргі таңда ресурс орталығында жеке секторларда тұратын зейнеткерлерге көмектесу мақсатында қар тазалаушы бригада құрылып жатыр.

    Акцияға қатысамын деп ниет білдірушілер келесі телефон нөміріне xабарласа алады: 8 707 500 83 73.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина